Ынтымақтастық
1-01-2017, 00:00 16 499| Қазақстан Республикасы | |
|---|---|
![]() | «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС 2011 жылы ҚР қорғаныстық өнеркәсіптің электрондық және электрондық-оптикалық өнімдерге қатысты тапсырмаларын орындау үшін құрылған. 2013 жылдың желтоқсанында елдің қорғаныстық ведомстволарының ресми тұлғаларының қатысуымен зауыттың ресми ашылуы өтті. ҚАЕ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 50% қатысу үлесімен, «Aselsan» түрік компаниясының 49% қатысу үлесімен және Түркияның Қорғаныстық өнеркәсіп комитетінің 1% қатысу үлесімен бірлескен кәсіпорын болып табылады. |
![]() | «С.М. Киров атындағы зауыт» Акционерлік қоғамы теміржол автоматикасын, телемеханика, теміржол көлігіне арналған байланыс пен қауіпсіздік жүйелерінің құралдарын, сандық теледидарға арналған жабдықтарды, байланыстың арнайы құралдары мен мұнай-газ кешеніне арналған өнімдерді өндіруге мамандандырылған, барлық өндірілетін өнімдерге сервистік қызмет етуді, монтаждауды, іске қосу-реттеу жұмыстарын, жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді орындайды. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорыны болып табылады. |
![]() | «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» Акционерлік қоғамы – мұнай-газ өндіретін, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиялық, химиялық, газ, энергетикалық және тапсырыс берушінің ниеттерін есептеумен МЕМС, ОСТ, СТРК, ТЕМА, ASME және API стандарттарына сәйкес заманауи технологиялардың негізінде өнеркәсіптің басқа салаларына арналған жабдықтарды әзірлеу жөніндегі Қазақстанның ірі машина жасайтын зауыттарының бірі. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорыны болып табылады. |
![]() | «Тыныс» Акционерлік қоғамы авиациялық техниканың тораптары мен агрегаттарын шығаруға мамандандырылған. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорыны болып табылады. |
![]() | «Киров атындағы машина жасау зауыты» Акционерлік қоғамы – бұл жылу қозғалтқышы бар торпедаларды ТМД аумағындағы бірден-бір өндіруші. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорыны болып табылады. |
| Қазақстан кәсіпорындары | |
|---|---|
![]() | «Соло ЛТД» ЖШС Ғылыми-өндірістік кәсіпорыны аспап жасау саласында, аспап жасау және радиациялық бақылау саласында жұмыс істейді. Компания Қазақстандағы алдыңғы қатарлы айқындамалар мен ТМД аумағындағы нық ұстанымға ие. Радиациялық бақылаудың кәсіби аспаптарының сериялы-шығарылатын тізбесі радиациялық қорғау мен қауіпсіздік саласындағы тапсырмалардың іс жүзінде шешілуіне қабілетті жабдықтардың кең жиынтығын білдіреді. Аспаптар атомдық және ядролық өнеркәсіпте, мұнай-газ, тау-кен игеретін және өңдейтін кәсіпорындарда, санитарлық және экологиялық бақылау қызметтерінде, құқық қорғау және күштік құрылымдарда қолданылады. Заманауи өлшейтін құралдарды енгізу мен өндіру, әзірлеудегі жинақталған тәжірибе тапсырыс берілгендегі аз уақыт ішінде бірегей радиометрикалық жабдықтарды және қолданудың әртүрлі салаларына арналған аспаптарды дайындауға, іске қосу-реттеу мен сертификаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. |
"Қайнар — АКБ" компаниясы аккумуляторлық батареяларды өндіретін отандық тауар өндіруші болып табылады, және де «Самрұқ-Қазына» Холдингының Отандық тауар өндірушілерінің тізілімінде тұр, сондай-ақ, аккумуляторлық батареяларды өндірушілердің "Интербат" халықаралық одағына кіреді. Бүгінде «Қайнар АКБ» ЖШС дамыған экономикасы және аккумуляторлық батареялардың аяқталған өндірісі бар әлеуеті берік кәсіпорын. Соңғысы батареяның барлық құрамдастарының – бөлшектер мен жиынтықтаушыларды құюдан бастап дайын бұйымдарды құрастырғанға дейін зауыттың өзінде жүргізілетіндігін білдіреді. | |
![]() | "Востокремстроймонтаж" ЖШС Компанияларының тобы Қазақстан Республикасындағы резеңке-техникалық бұйымдарды отандық ең ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Қызметтің негізгі түрі – резеңке-техникалық бұйымдарды қалыпқа салынған және қалыпсыз тәсілмен өндіру болып табылады. Шығарылатын өнімнің атаулығы – өзіне экономиканың өнеркәсіптік және аграрлық секторына арналған 3500-ден астам түрін қосады. |
![]() | «АЛТАЙМЕТИЗ» ЖШС өнеркәсіптік электрлі құрал-саймандарды және метиздік өнімдерді сатуда Шығыс Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Қызметтің негізгі бағыты – көтерме-жеке сауда мен өздігінен кескіштер, бұрандалы шегелер, бұрамалар, дюбельдер, анкерлер, бұрандамалар, сомындар, ұстастырмалар, такелаждар, тоттанбайтын және аса берік бекітпе, автобекітпе, бұрғылап тесу сияқты бекітпенің өте кең сұрыпталымы мен метиздер компанияларына арналған сату болып табылады. |







